Павлодарда өртсөндіруші робот пайда болды

  • 7
  • 25.08.2026, 19:43

Қашықтан басқарылатын құлтемір жарылыс қаупі бар немесе қалың түтін басқан жерлердегі жалынды сөндіруге қолданылады. Мамандар: «Оның құтқарушылар өмірін сақтап қалуға көмегі зор», - деп бағалап отыр. Робот отпен қалай күреседі? 

Өртсөндіруші робот павлодарлық құтқарушылар қатарына жақында ғана қосылды. Әлі іс жүзінде өрт сөндіру жұмыстарына қатысқан жоқ. Дегенмен құлтемірдің мүмкіндігін мамандар оқу-жаттығу кезінде сынақтан өткізді. Техника ең қиын жағдайларда жұмыс істеуге дайын.

Азамат Қанағатов, ТЖД Өрт сөндіру қызметі жедел кезекшінің орынбасары:

- Яғни кез келген төтенше жағдайлар хабарлама түскенде бұл робот жұмыс істеуге дайын. Негізгі бұның сипаттамасы біздің өңір мұнай және одан да басқа химиялық зауыттар бар, яғни өндіріс орындары бар. Сондай өрттерді сөндіру үшін, жанар-жағармай тұратын резервуарларды сөндіру үшін бұл робот бізде осыған арнап шығарылған.

Робот жанармаймен жүреді. Қуатты қозғалтқыш техниканың кедергілерді оңай еңсеруіне мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда бұл роботпен өзге көліктерді сүйреуге де болады.

Әділ Сқақов, ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары:

- Жанармаймен жүретін қозғалтқыштың артықшылығы – ол суықта қатып қалмайды. Робот - 20-дан +40 градусқа дейінгі температурада жұмыс істей алады. Кез келген ауа райына төзімді. Тағы бір артықшылығы – мұнда дөңгелек емес, шынжыр табан орнатылған. Мұзда немесе батпақта сенімді қозғалып, салмағы бір тоннаға дейінгі техниканы сүйреп кете береді.

Робот техниканы бір шақырым қашықта тұрып пультпен басқарады. Құлтемірге тепловизор мен бейнекамера орнатылған. Соның көмегімен құтқарушылар өрттің ошағы мен таралу аумағын алыстан бақылай алады. Көбік. пен суды нақты қажет жерге бағыттайды

Елдос Кәкенов