БҚО-да 300-ден аса балаға оқу құралын табыстады

  • 5
  • 26.08.2026, 19:51

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы 300 оқушыға көмек қолын созды. Көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндер мен әлеуметтік әлжуаз топтардың өзге де өкілдеріне кеңсе тауарлары, арқа сөмкелері, балалар дүкендерінің сертификаттары табысталды. «Мектепке нық қадаммен» акциясына мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер қолдау көрсеткен. 

Света Кеңесова, қала тұрғыны:

- Алты баланың анасымын үш балам мектепке, екі балам балабақшаға барады. Осындай акцияға шақырып, балаларымызға 50 мыңның сертификатын беріп жатыр. Көп-көп рақмет айтамыз! Алғысымыз шексіз. Балаларымызға жақсы білім тілеймін.

Бауыржан Бектұрған, «Әділет» партиясы бқо филиалының төрағасы:

- Бізге білім басқармасы тарапынан, балалардың құқық қорғау мекемелерінен көптеген өтініштер келіп түсті. Солардың негізінде көмекке мұқтаж отбасылар анықталды. Қалалық және облыстық мәслихат депутаттарымен бірге, бизнес қауымдастық өкілдерінің қолдауы арқасында осы акцияны ұйымдастырдық. Әлеуметтік әлжуаз топтарға қамқорлық келешекте де жалғасады.