Қазақстанда жұмыс орындарын субсидиялау тәртібі жаңартылды.
Енді мансап орталықтары жұмыс берушілердің өтініші негізінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырады.
Оған заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, мемлекеттік мекемелер және үкіметтік емес ұйымдар өтініш бере алады. Барлық рәсім электронды форматта жүргізіледі.
Субсидияланатын жұмыс орындарының саны жұмыс берушінің санатына қарай белгіленеді. Мәселен, үкіметтік емес ұйымдар республикалық маңызы бар қалаларда 10-ға дейін, ал өңірлерде 5 жұмыс орнына дейін аша алады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор үшін де 5 жұмыс орны субсидияланады.
Ал ауылдық жерлерде субсидияланатын жұмыс орындарының саны ауыл халқының 5% дейін жетуі мүмкін.
Жаңа тәртіп жұмыс орындарын нақты қажеттілікке қарай бөлуге мүмкіндік береді.