Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорында 4 млрд теңге негізсіз төлемнің шығындалуына жол берілмеді. Оған цифрлық құралдарды қолдану арқылы қол жеткізілген. Мамандардың сөзінше, ақылды жүйе көмегімен тәуекелдер мен ықтимал заңбұзушылықтар қаражатты аударғанға дейін анықталып отыр. Мұндай жағдайда сәйкесінше төлем жасалмайды. Аталған антифрод-тетіктер қазірдің өзінде елеулі қаржылық әсер беріп отыр. Жоба өкілдері алдағы уақытта оны барлық медициналық мекемеде қолдануға ниетті. Ол қаражатты үнемдеумен қатар медициналық қызмет сапасын арттыруға да ықпал етеді.