Құрылтай мемлекеттік басқару жүйесіне өзгеріс әкеледі

  • 7
  • 28.08.2026, 19:43

Құрылтай жұмысының басталуы мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар маңызды институционалдық өзгерістерге жол ашады.

Енді Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері Құрылтайдың келісімімен тағайындалады. Сондай-ақ депутаттар Президенттің ұсынысымен Жоғарғы Сот судьяларын сайлап, қызметінен босата алады. Бұдан бөлек, Құрылтай Конституциялық сот пен Жоғарғы Сот судьяларын, сондай-ақ депутаттарды құқықтық иммунитеттен айыру мәселесін қарайды.

Құрылтай Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Конституциялық соттың жыл сайынғы жолдауын тыңдайды. Сонымен қатар Үкіметке сенімсіздік білдіріп, Президентке Үкіметтің жекелеген мүшелерін қызметтен босату жөнінде ұсыныс енгізе алады.