Қыркүйекте екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

  • 6
  • 28.08.2026, 19:44

Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган, оның құрамына 126 адам кіреді. Орган мүшелерінің өкілеттік мерзімі - 4 жыл.

Жаңа құрылым қоғам мен билік арасындағы диалогты күшейтіп, мемлекеттік шешімдерді талқылауға азаматтық сектордың кеңірек қатысуына мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

- Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл - бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді.

Жандар Асан, саясаттанушы:

- Халық кеңесі тек орталықтағы ғана емес, аймақтар мен елдімекендердегі маңызды мәселелерді көтеріп жүрген азаматтардың басын біріктіретін орган болады. Осындай мәселелердің шешімін табуға ықпал ететін маңызды институт ретінде қарастыруға болады.