Ұлттық ұлан қатары 7 мыңнан аса азаматпен толығады

  • 112
  • 09.09.2026, 18:36

Жастарды Ұлттық ұланға шақыру басталды. Күзгі науқанның алғашқы легі Астанадан 35 азамат Алматы қаласындағы 5571 әскери бөліміне аттанды. Сондай-ақ, Абай облысынан 20 жас елордаға әскери қызметін өткеруге келді. Жалпы осы күзде Ұлттық ұланның қатары 7 мыңнан астам азаматпен толығады. Олар ант беріп, даярлықтан өткеннен кейін жауынгерлік қызметке кіріседі. Күн сайын еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда ұландықтар қызмет атқарып жүр. Тек биылғы алты айда мыңнан астам тапсырма орындап, 6 мыңнан аса құқық бұзушыны ұстады. Ұлттық Ұлан қатарында болғандар тегін білім алу мүмкіндігіне де ие бола алады. Бүгінде 70-тен астам жоғары оқу орны оларды қабылдау туралы меморандумға қол қойды. Жыл сайын 1 мың 400-ден астам сарбазға білім гранты тағайындалады.

Әлібек Әбділов, Ұлттық ұланның ресми өкілі:

- Жастар қызмет барысында әскери мамандықтарды меңгереді. Өз болашағын әскери қызметпен байланыстыруды шешкен келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастыра алады. Қызмет өткеру кезеңінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері маңызды мемлекеттік объектілерде және қылмыстық атқару жүйесі мекемелерін күзетеді.  Сондай-ақ, ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.