Елімізде егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Осыған дейін шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдар алды. Бұл жалпы егіс көлемінің 61,6%-ы, әр гектардан орташа 14,1 центнер өнім жиналды. 13 жарым млн тонна астық бастырылды. Бұдан өзге 906,5 мың тонна майлы дақыл, 2,4 млн тонна көкөніс, 1,8 млн тонна бақша өнімдері және 1,2 млн тонна картоп жиналды. Науқанды қалыпты жүргізу үшін өңірлерге 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлініп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, астық сапасы жаман емес, жиналған өнімді қабылдау, сақтау сондай-ақ, шаруаларды қажетті ресурстармен қамту бақылауға алынып жатыр.