Ақмолалық шаруалар ЖИ арқылы мол өнім алып жатыр

  • 5
  • 11.09.2026, 18:37

Ақмолалық шаруалар жасанды интеллект көмегімен мол өнім жинап жатыр. Жаңа технология егін өнімділігі мен алқаптағы ылғалдылықты бірден анықтауға мүмкіндік береді. Қазір аймақта 1200-ге жуық серіктестік осындай сандық жүйенің игілігін көріп отыр.

Игілік Тасеновтың комбайны толық автоматтандырылып тұр. Механизатор компьютер арқылы бәрін бақылап отырады. 25 жылдық тәжірибесі бар маман жаңа технологияны әбден меңгеріп алыпты.

Игілік Тасенов, механизатор:

- Бәрін көрсетіп отыратын компьютері бар. Бізге жеңіл, ішінде ылғалдылығы,навигация жүйесі дән бастыру тәрізді процестердің барлығы экранда шығып тұрады.

Сандықтау ауданындағы серіктестік биыл 14 мың гектар алқапқа дән сіңірді. Осы жер түгелімен цифрландырылды. Сондықтан шаруа қожалығы басшысы әр алқапты араламай-ақ, қолдағы құрылғымен жай-күйді біліп отырады.

Аржан Дулат, серіктестік директоры:

- Кеңседе отырып-ақ алқап басындағы жағдайды біліп отырамыз. Техниканың бағыт-бағдарын, өнімділік пен қанша жиналғанында көруге болады. Әрине бұл өте ыңғайлы, сонымен бірге цифрландыру шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Алда осы жұмысты дамытып, өзімізге тиімді ортақ жүйе жасауды көздейміз.

Қазір аймақта егін шаруашылығымен 11 мыңға жуық ірілі-ұсақты шаруашылық бар. Әзірге соның мыңнан астамы цифрландыру жұмысын қолға алынды. Ілгеріде барлығын сандық жүйеге көшіру жоспары бар. Себебі тың технология егін шығымын көбейтеді.

Нұрбек Бадырақов, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бұл әрине бір гектарға шаққан кездегі шығынын 15-20%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беріп отыр. Жасанды интеллектіні қолдану арқылы қандай ауыспалы егістікті сақтау керектігін, қандай ылғалды алдын ала болжап отыра ылғалға байланысты сұйық минералды тыңайтқыштарды пайдалану есебінде осы цифрлық технологиялар оң тәжірибе көрсетті.

Қазір аймақта күзгі жиын-терім науқаны қызу жүріп жатыр. Бүгінге дейін диқандар 3 млн гектардан астам алқапты игеріп, қамбаға 4 млн тонна астық құйды.

Авторы:Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко