Астанада жылу жүйелері жаңартылды

  • 19
  • 15.09.2026, 18:34

Елордада жылу инфрақұрылымын жүйелі жаңарту жалғасты. Инвестициялық бағдарлама аясында жылу желілерін жаңғырту жұмыстарының 94% орындалды. Биылғы жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 6,370 км жылу трассасы салынды. Нысандарда құрылыс-монтаж және абаттандыруды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып жатыр. Жаңартылған учаскелердің бірі қаланың орталық бөлігіндегі  – ТМ-10 жылу магистралі. Жылу трассасы 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Инвестициялық бағдарлама шаһарды жылумен жабдықтау, желілерді жаңарту және технологиялық тәуекелдерді азайтуға бағытталды. Астана қаласында жалпы 1083 жылу торабы бар.

 Абзал Сауғабаев «Астана-Теплотранзит» АҚ бас инженері:

- Жыл сайын шамамен 7 шақырым жылу торабын реконструкциялаймыз. Ең басты мақсатымыз – жылу желілеріндегі апат санын азайтып, олардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Биыл жоспарланған 15 нысандағы негізгі жұмыстарды аяқтадық. Жоспардың 95%-дан астамы орындалды. Қазір аумақтарды абаттандыруға кірістік.