Астанада 13 аймақтың қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады

  • 4
  • 18.09.2026, 18:38

Астанада 19 қыркүйектен бастап 1-ші қарашаға дейін әр сенбі-жексенбі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. 13 аймақ кезекпен өз тауарын қолжетімді бағада елорда тұрғындарына ұсынады. Осы аптаның демалыс күндері Қызылорда мен Атырау облыстары Астанаға 600 тоннадан астам өнім әкеледі. Оның ішінде, ет, сүт, күріш, балық, бақша өнімі, сондай-ақ өзге де азық-түлік түрі бар. Жәрмеңке «Қазанат» ипподромында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарының ыңғайы үшін қоғамдық автобустың үшеуі "Қазанат" ипподромы арқылы қатынайды.