29 қыркүйек – 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

29 қыркүйек – 1 қазанға арналған ауа райы болжамы
  • 26
  • 28.09.2026, 12:23

29–30 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде атмосфералық қысымы жоғары өрістің әсері сақталады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, негізінен ашық ауа райы күтіледі.

1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай күтіліп, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда кей жерлерде тұман болжанады.

Елдің солтүстік жартысында 1–3°C аяз сақталады. Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік жартысында +15…+23°C болады.

Оңтүстік жартысында ауа температурасы +20…+25°C-тан +15…+23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда +10…+15°C-тан +8…+13°C-қа дейін төмендеуі күтіледі.