Қарағандыда дропперлерді басқарушы топ ұсталды

  • 4
  • 28.09.2026, 18:34

Қарағандыда дропперлерді басқарушы топ ұсталды. Олар «Vavada» интернет-казино ойыншыларының салымын қабылдап, қолма-қол ақшаға айналдыруды ұйымдастырған. Яғни 23 дроп-шот арқылы 415 млн теңге аударған. Топ мүшелерінің бірі жұмысты үйлестірсе, екіншісі дропперлерді іздеп, банк шоттарына қол жеткізуді ұйымдастырған және операторларды іріктеген. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Екі күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Сот санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде жеке тұрғын үйіне, екі жер теліміне және Mercedes-Benz автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.