Алматыда 1-қазаннан бастап, суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне жаңа тариф енгізіледі. Осы уақытқа дейін тұрғындар үшін судың бір текше метрі 102 теңге, мөлшерден асып кеткен жағдайда 205 теңге болған. Былтыр мораторий аясында тариф уақытша төмендеді. Сала мамандарының айтуынша, осы кезде электр энергиясына, реагенттерге, жабдықтар мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын өсіп кеткен. Сонымен қатар инфрақұрылымның ұлғаюы, қызметкерлердің еңбекақысы, инвестициялық міндеттеме сияқты мәселелер тарифтерді қайта қарауға негіз болды. Соңғы бір жылда «Алматы Су» теңгеріміне жаңа нысандар берілді.
Серік Шағыров, «Алматы су» МКК ресми өкілі:
- Бүгінгі тарифті айтқан кезде орташа есепппен бір пәтер айына 800-900 теңге төлейтін. Тарифтің өзгеруі корректировка жасағаннан кейін 1500-1600 теңге бірақ төлемақы сондай құрайтын болды. Бірінші қазаннан бастап, тариф 2025 жылғы деңгейге дейін қайтадан келді. Содан кейін, индексациясы бар. Жалпы 178 теңгеге дейін көтерілді.