Қарағанды облысында ең алғашқы жел электр станциясы іске қосылды. Осакаров ауданында орналасқан баламалы энерния нысанының қуаты-150 мегаватт. Бұл шамамен он ауданды электр тоғымен қамтамассыз етуге жетеді. Зәулім турбиналар өндірген қуат көзі елдің бірыңғай энергетика жүйесіне жіберіледі. Өңір үшін бұл электр өндірісін дамытудағы жаңа қадам.
Станция орнын таңдауда мына шоқылы өлкенің климаттық ерекшеліктері ескерілген. Мұнда желдің орташа жылдамдығы секундына 8,5 метр шамасында соғып тұрады. Бұл турбиналардың тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай қалыптастырады. Әр қондырғының қуаты 7,7 мегаваттқа дейін жетеді. Ал қалақтарымен қоса есептегендегі биіктігі 200 метрден асады. Жел электр станциясының құрылысын «Гиперборея» компаниясы жүргізді.
Дмитрий Зайцев, «Гиперборея» ЖШС бас директоры:
- Бұл – Қазақстан мен Орталық Азия аумағындағы ең қуатты жел қондырғылары. Қазіргі таңда мұндай қуаттағы турбиналар Еуропа мен Америкада да жоқ. Бұл электр станциясы он Осакаров ауданының және Қарағанды қаласы тұтынатын электр энергиясының шамамен 40-50 пайызына дейін қамтамасыз ете алады.
Станцияда 21 заманауи жел турбинасы орнатылған. Жобаға 50 миллиард теңгеден астам инвестиция салынды. Өндірілген тоқ Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесіне беріліп, өңірлер арасында бөлінеді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, жел электр станциясының іске қосылуы өңірдің дамуына жаңа серпін береді.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
- Сарапшылардың айтуы бойынша ең заманауи станциялардың біреуі болып саналады. Сондықтан шын жүректен мен құттықтағым келеді осы Осакаров ауданының, облыс тұрғындарын. Мұның маңыздылығы жаңағы жлектр қуатын беруі 150 мегаватт. Ол өнідріске де, жалпы залыққа да энергия береді. Екінші ол – жұмыс орны.
Жел электр станциясының іске қосылуымен өңірде баламалы жнергия көздерінен тоқ өндіру көлемі артып отыр. Бүгінде облыста бес күн электр станциясы жұмыс істейді.
Авторлар: Руслан Нұрланұлы, Сайран Акамбаев, Аман Хамит.