Қорғаныс министрлігі екі матростың тағдыры туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов пен Мағауияға қатысты түрлі ақпарат тараған еді. Ведмостваның мәліметінше, Каспийде әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің бір бөлігі жағалауда тиісті оқу міндеттерін орындаған. Ахметов пен Мағауия да сол топтың құрамында болған. Ал, қазір олар әскери бөлімнің орналасқан жерінде, күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр. Қорғаныс министрлігі азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.