ШҚО-да 700 мың тоннаға жуық көмір қоры жиналды

  • 6
  • 29.09.2026, 18:36

Шығыс Қазақстанда күні бүгінге 700 мың тоннаға жуық көмір қоры жиналды. «Бұл әзірге жеткілікті», - дейді мамандар. Жиналған көмірдің жартысы жылу энергия орталықтарына бөлінсе, қалғаны тұрғындардың сұранысын қамтамасыз етуге қажет. Жалпы өңірде жылыту маусымын үзіліссіз өткізу үшін 3 млн тоннадан астам көмір керек.

Жауаптылардың сөзінше, отын тасымалдауда  кедергі жоқ. Қаражыра кеніші мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы арасында өзара келісімшарт жасалды. Көмір қоймаларға кестеге сай түсірілді. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандар отынмен толық қамтылды. Тұрғындар кезекке тұрып қалмас үшін тарату жұмыстары реттеліп жатыр.

Арнұр Әскерхан, ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының бөлім маманы:

- Көмір өткізу 18 өңірлік оператормен жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда облыс тұрғындары үшін 324 мыңнан аса тонна көмір дайындалды. Бұл жалпы қажеттіліктің 72 проценті боп саналады. Облыс тұйықтарында 11 800 тонна көмір қоры сақталған.