Алматыда жылыту маусымына дайындық күшейді

  • 7
  • 29.09.2026, 18:36

Алматыда жылыту маусымына дайындық қызу. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үйлерге тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Рейдке әкімдік, прокуратура және газбен қамту қызметінің өкілдері қатысқан. Олар әлеуметтік көмекке мұқтаж 300-ге жуық отбасының үйін аралап, қажет болған жағдайда көміртек тотығын анықтайтын датчикетер орнатуда.

Профилактикалық шара барысында газ және электр пештерінің жарамдылығы тексеріліп, тұрғындарға олардан келер қауіп-қатер түсіндірілді. Сондай-ақ жауаптылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды және кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауды ескертті.

Ақтыныс Әлтебаева, қалалық ТЖД бас маманы:

- Жылыту маусымына дайындаңыздар, пештеріңізді тексеріңіздер, мұржаларды ыстардан тазалаңыздар, жылыту құралдарының дұрыс жұмыс жасауына көңіл бөліңіздер. Электр жабдықтарының дұрыс жұмыс жасауына көңіл бөліңіздер. Әр үйдегі қауіпсіздікке деген қадам – ол сіздердің өз жаупкершіліктеріңіз. Балаларыңыздың, жақындарыңыздың қауіпіздіктері өз қолдарыңызда.