Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қарағанды облысында трансұлттық қылмыстық топ әшкереленді

  • 872
  • 01.10.2026, 18:41

Қарағанды облысында мефедрон өндірумен айналысқан ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. Полиция қызметкерлері зертханаға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, трансұлттық қылмыстық топтың екі мүшесін ұстады. Олар Қазақстан мен көршілес мемлекеттер аумағында аса ірі көлемде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды дайындап, кейіннен заңсыз өткізуді көздеген. Жедел-іздестіру нәтижесінде 48 және 28 жастағы екі күдікті ұсталды.