Елімізде 100 жастан асқан 1323 қария бар

  • 85
  • 01.10.2026, 18:53

Бүгін – халықаралық қарттар күні. Елімізде ғасыр жасаған 1 мың 323 қария тұрады. Ал, зейнеткерлер саны 2 миллион 600 мыңға жуықтайды. Бүгінгі мерекеде 274 мың 200 адамға бірреттік көмек берілді. Олардың қатарында ең төменгі зейнетақы алатындар, 70 және 75 жастан асқандар, жалғызбасты қарт кісілер бар. Біржолғы материалдық көмектің жалпы сомасы 3,8 млрд теңгені құрайды.