«Теңізшевройл» қазақстандық мамандарға басымдық береді

  • 7
  • 02.10.2026, 18:36

«Теңізшевройл» компаниясының басшылық қызметінде қазақстандық мамандардың бәсі биік. Сондай-ақ компания өндіріске цифрлық технологияларды енгізумен қатар отандық кадрлар мен кәсіпорындарды дамытуға басымдық береді. Бұл жөнінде KIOGE конференциясында компания басшылығы мәлімдеді.

KIOGE көрмесі мен конференциясына 58 елден 500-ден астам компания және 9 мыңға жуық адам қатысты. Энергетика саласының мамандары цифрландыру, жасанды интеллект, өндіріс тиімділігі және жаңа буын кадрларын даярлау мәселелерін талқылады. «Теңізшевройл» өкілдері де компаниядағы технологиялық өзгерістер мен мамандарды дамыту бағыттарын таныстырды. 

Билли Лакоби, «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры:

- Бүгінде ТШО қызметкерлерінің 96 пайызы – Қазақстан азаматтары. Ал әрбір он басшылық лауазымының тоғызына қазақстандық мамандар жетекшілік етеді. Біз қазақстандық жеткізушілерді, цифрлық шешімдерді және адам капиталын дамытуға инвестиция салуды жалғастырып келеміз. 

Кәсіпорында қазақстандық кадрларды даярлау жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі. Қызметкерлер біліктілігін арттырып, халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламасына да қатыса алады. 2020 жылдан бері 670-тен аса отандық маман бұрын шетелдік қызметкерлер атқарған техникалық және басшылық лауазымдарға тағайындалған. 

Қуанышкерей Мұхтаров, «Теңізшевройл» ЖШС бас директорының орынбасары:

- «Теңізшевройл» отандық компаниялар мен олар үшін мүмкіндіктерді кеңейте отырып, ТШО өндірістік қызметінің қажеттілігі үшін Қазақстан республикасының мұнай-газ жабдықтарының локализациялау кезінде өндірушілерді қолдауға қатысты жұмысын одан әрі жалғастыра береді.

Ал компанияның 1993 жылдан бастап Қазақстан экономикасына қосқан қаржылай үлесі 220 миллиард доллар. Оның 53,3 миллиард доллары Қазақстанды дамытуға бағытталған.