Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, бірінші дәрежелі капитаны сот санкциясымен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ол Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу бөлінісі қызметіне салғырт қарады деген күдікпен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.