Елде жылыту маусымы жоспарға сай басталды. Қазір 11 өңірде жылу беріле бастады. Тек Семей қаласында жылу желілері уақытылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты Премьер-министр Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
Үкімет басшысы әкімдерге жылыту кезеңінің өту барысын бақылауға алуды жүктеді. Ал оңтүстік пен батыс өңірлерді жылу беру жүйесіне қосу жұмыстары күн райын ескере отырып, қазанның аяғына дейін жүргізіледі. Бұдан бөлек, көмір бағасын бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеуді міндеттеді.