Адами капитал: Қазақстан көш бастады

  • 4
  • 06.10.2026, 18:43

Қазақстан адами даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына енді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының рейтингінде еліміз 193 мемлекеттің арасынан 60-шы орынға тұрақтап, Орталық Азия мен ТМД елдері арасында көш бастады.

Дүниежүзілік банктің адами капитал индексінде Қазақстан бірден 13 сатыға жоғарылап, 161 елдің ішінде 42-ші орынға көтерілді. Халықтың тұрмыс сапасын айқындайтын негізгі көрсеткіштер де жақсарған. Мәселен, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетсе, халық саны миллионға артқан. Енді мамандарды технологиялық дәуірдің талабына бейімдеуге ден қойылмақ. Бұл бағытта жасанды интеллектіні игеруге айрықша мән беріліп отыр.