Ақтөбеде тұрақтандыру қорына 12 мың тоннаға жуық өнім жиналады

  • 8
  • 06.10.2026, 18:41

Ақтөбе облысында биыл тұрақтандыру қорында 12 мың тоннаға жуық тауар сақталады. Қыс азығының басым бөлігін жергілікті бағбандар өсірген. Өңірде қазір күзгі жиын-терім науқаны аяқталуға жақын. Шаруалар қазір көкөністі қамбаға өткізіп жатыр. Атап айтқанда, 8 мың 600 тонна картоп, 1 мың 400 тонна пияз, 2 мың тонна сәбіз бен мың тоннадан астам қырыққабат жеткізіледі.

Сондай-ақ 20 тонна күнбағыс майы мен 14 миллион данадан астам жұмыртқа әлеуметтік сауда сөрелеріне жеткізіледі. Бакалея өнімдері болса, еліміздің оңтүстік өңірлерінен. Тұрақтандыру қорының тауарлары қазан-қараша айларында әлеуметтік дүкендерде сатылады. 

Тимур Биманов, «Ақтөбе» ӘКК» департамент директоры:

- Сауда орындарына жөнелтпес бұрын өнімнің барлығы іріктеліп, тазартылады. Яғни сапаны бақылау механизмі қатаң қадағаланады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері мен қоғам қайраткерлері, депутаттар, сондай-ақ «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мамандарынан құралған арнайы комиссия азық-түлік сапасын қадағалайтын болады.