Жамбыл облысында 254 адам көші-қон заңнамасын бұзған

  • 1
  • 08.10.2026, 18:39

Жамбыл облысында көші-қон заңнамасын бұзған 254 шетелдік анықталды. Үш күнге созылған рейд барысында олардың елде заңсыз жүргені белгілі болды. Көбі Қазақстанға табыс табу үшін келген. Бірақ кейбірі шекараны заңсыз кесіп өткен, енді бірі құжатсыз жүрген. Жұмыс істеуге рұқсат алмағандар да бар. Заң бұзғандардың басым бөлігі – Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары. Олар құрылыс нысандары, базарлар мен наубайханаларда еңбек еткен. Рейд кезінде халықаралық іздеудегі 5 қылмыскер де ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал 88 шетелдік сот шешімімен елден шығарылды. Қалғандары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз жұмысқа тартқан 57 жұмыс беруші де жауапқа тартылды.

Ербол Қойшыманов, қалалық көші-қон қызметі бөлімінің бастығы:

- 5 ҚР азаматы шетел азаматтарын заңсыз жұмыс беру фактісі бойынша анықталды. Құжатсыз заңсыз шетел азаматтарды жұмысқа тартқаны бойынша ҚР әкімшілік кодексінің 519-бабы бойынша бірінші тармағы бойынша айыппұл салынады. Ол жеке адамға 10 АЕК, заңды тұлғаға 100 АЕК болып есептеледі.