Ақмола облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 44 шетелдік азамат ұсталды. Целиноград ауданының аумағында жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері оларды Софиевка ауылындағы құрылыс алаңдарының бірінде анықтады. Жалпы, соңғы үш күнде өңірде 56 шетелдік азамат, оларға баспана берген 34 адам және 11 жұмыс беруші әкімішілік жауапкершілікке тартылды.
Әсем Әбдірахманова, облыстық полиция департаментінің аға инспекторы:
- Сот шешіміне сәйкес 18 шетел азаматын елден шығару туралы шешім қабылданды. Ал, алты адамның елді қалу мерзімі қысқартылды. Жалпы, әкімішілік жауапкершілікке тек көші-қон талаптарын бұзған шетел азаматтары ғана емес, оларды баспанамен қамтып, жұмыс берген тұлғалар да тартылады.