Солтүстік Қазақстанда 28 қорған табылды

  • 0
  • 08.10.2026, 18:44

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданындағы археологиялық экспедиция кезінде 28 қорған табылды. Мамандар зерттеу кезінде фото және бейнефиксация жасап, дрон арқылы түсірген. Кейбрінің диаметрі 100 метрден асады. Ал биіктігі шамамен 3 жарым метр. Архологтардың айтуынша, бір кездері бұл аумақта ауыл азаматтары қазба жұмыстарын жүргізген. Қазу барысында адам сүйектері табылған соң, жергілікті халық нысанға алаңдап, оны қорғауға алған. Қазір де тарихи орын тұрғындардың тұрақты бақылауында. Мамандар зерттеу қорытындысын Алматыдағы Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтына жібереді. Жалпы, Уәлиханов ауданының өзінде 45 нысан қорғауда. Оның бірі – республикалық, ал қалған 44-і - жергілікті маңызға ие ескерткіш.

Әли Тұрысов, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры:

- Бұл – құнды археологиялық олжа. Тарихи ескерткіштерді сақтап қала аламыз. Егер нысанды жақын арада мемлекеттік қорғауға алмасақ, оны жоғалтып алуымыз мүмкін. Қорғанның ішінен жәдігерлер табылуы ықтимал. Мәселен, керамикалық бұйымдар, көне қару-жарақтар, сондай-ақ сол дәуірде адамдар пайдаланған еңбек құралдары. Олар арқылы сол кезеңдегі жерлеу және еске алу рәсімдері туралы біле аламыз.