Өндіріс көлемінің ұлғайып, сыртқы сауданың артуы елдегі әлеуметтік мәселенің бірін оңтайлы шешуге оң әсерін тигізді. Соңғы 7 жылда Қазақстанда 3,6 миллион адам жұмысқа орналасқан. Басым бөлігі экономика, білім беру, ауыл және орман шаруашылы мен құрылыста, сосын әлеуметтік қызмет салаларын қамтиды. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 3 миллионға жеткізу жоспарда бар.
Бұл – Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы міндеттердің бірі. Жауапты мамандар өңірлерде жұмыс орындарын ашудың айрықша маңызды екенін айтады. Себебі дәл осы фактор еңбек көші-қонын азайтып, жергілікті кәсіпкерлік пен қызмет көрсету саласының дамуына ықпал етеді. Бүгінде тұрақты жұмыс орындарын құру көрсеткіші бойынша Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстары алдыңғы қатарда.