Республика күні қарсаңында Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды. Құны 500 миллион теңге болатын заманауи ғимарат 1970 жылдан бері пайдаланылған ескі вокзалдың орнына салынды. Бұрынғы вокзал 50 жолаушыға арналған болса, ал жаңасы бұдан анағұрлым кең де, ыңғайлы. Елімізде мемлекет қаражаты есебінен 124 теміржол вокзалын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асып жатқанда, Құлсарыдағы нысан толығымен жеке инвестиция есебінен бой көтерді.
Алмас Абайдельдинов, көлік-логистика компаниясының бас директоры:
-Жаңадан салынған ғимарат 4 есе үлкен. Барлық қажеттіліктер қарастырылған. Мүгедек адамдарға, ана мен балаға және басқа да қажеттіліктер үшін барлық жағдай қарастырылған.