Республика күні қарсаңында Елордада Ұлттық ұлан сарбаздарына арналған жаңа патрульдік бекеттер ашылды. Нысандар әскерилердің жайлы жағдайда демалуына және кезекшілікке дайындалуына мүмкіндік береді. Әр бекет үш ауысыммен қызмет атқаратын 24 әскери қызметшіге арналған. Ұлттық ұлан қызметшілері Астанада тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. Биыл тоғыз айда құқық бұзған 13 мыңнан астам адам ішкі істер органдарына жеткізілсе, олардың 300-і қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған. Сондай-ақ ұландықтар бес халықаралық саяси іс-шара мен шет мемлекеттер басшыларының және ресми делегациялардың 18 сапары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Андрей Зерских, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің сарбазы:
- Бұрын жауынгерлік қызметті біз автобуста жүріп атқаратынбыз. Ол біршама ыңғайсыз болды. Енді арнайы жабдықталған бекет бар. Бұл жерде біз патрульдеу кезеңінен соң тығынып алуымызға барлық жағдай жасалған. Ауқаттанып, кейін қызметімізді жалғастыруымызға болады.