Мал шаруашылығында да өсім байқалады. Әсіресе жылқы саны соңғы жеті жылда едәуір өскен. Нақты айтқанда қазір елімізде 4,6 миллион бас жылқы бар. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 58,6 пайызға жоғары. Бүгінде Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Жалпы елдегі ірі қара мал 8,8 миллион басқа, қой-ешкі 22,6 миллион басқа жетті. 311 мың 600 бас түйе бар. Мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін өнімділікті арттыру, мал тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіру және жем-шөп базасын нығайту көзделіп отыр. Бұл шаралар тауарлы өнім көлемін ұлғайтуға және сапасын жақсартуға бағытталған.