Республика күні Республика күні

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша үздік 20 елдің қатарына енді

  • 2
  • 21.10.2026, 18:35

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының қауіпсіздік деңгейі бойынша Қазақстан 95 пайыздық көрсеткішпен үздік 20 елдің қатарына енді. Бұл туралы Үкімет басшысының ИКАО Бас хатшысы Хуан Карлос Салазармен өткен кездесуінде мәлім болды. Басқосуда Қазақстанның ИКАО-мен ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланып, экономиканы дамытуға бағытталған ауқымды реформалар назарға алынды. Премьер-министр Президенттің Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуға, авиациялық хабтар қалыптастыруға және елдің транзиттік рөлін нығайтуға ерекше мән бергенін атап өтті. Тиісінше  ИКАО-мен өзара іс-қимыл Қазақстанның авиация саласы үшін стратегиялық маңызға ие.

Хуан Карлос Салазар еліміздің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктерін жоғары бағалап, әуежай және аэро-навигациялық инфрақұрылымды дамыту және нығайту бойынша маңызды қадамдардың жасалғанын жеткізді. Отандық әуе компаниялары  әуе флотын жаңғыртып, халықаралық бағыт желісін кеңейтіп жатыр. Соңғы бес жылда отандық авиацияда қызмет көлемі 6 жарым есе өскен. Жолаушылар ағыны 31 миллион адамнан асып, халықаралық маршруттық желілер 160-тан астам бағытқа дейін артты.