Республика күні Республика күні

Қазақстанда 649 сауда нысаны жеңілдік науқанына қосылды

  • 5
  • 21.10.2026, 18:42

Қазақстан бойынша 649 сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды. Республика күні қарсаңында Republic Day және Bereke Fest мерекелік жеңілдіктер науқаны басталды. Republic Day акциясында 232 сауда-ойын-сауық орталығы мен сауда үйі жеңілдіктер ұсынады. Олардың қатарында Астанадағы MEGA Silk Way және «Хан Шатыр», Алматыдағы MEGA Alma-Ata, MEGA Park пен Forum Almaty, сондай-ақ Шымкенттегі Mega Planet пен Shymkent Plaza бар. Bereke Fest акциясына бөлшек сауда желілерінің 417 дүкені қосылды. Олардың қатарында Magnum, SMALL, «Астықжан» және GraMad бар. Мерекелік ұсыныстар еліміздің басқа өңірлеріндегі сауда нысандарында да қолжетімді. Тұтынушылар үшін азық-түлік пен тауарларға арнайы бағалар қойылған. Тауарлардың жекелеген санаттарына 50%-ға дейін жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік мөлшері акцияға қатысушы сауда ұйымдарының шарттарына байланысты. Мерекелік науқан 27 қазанға  дейін жалғасады.