Республика күні Республика күні

Маңғыстау облысында бекіренің қырылу себебі тексеріліп жатыр

  • 108
  • 21.10.2026, 19:10

Маңғыстау облысында бекіренің жаппай қырылу себебі тексеріліп жатыр. Кейінгі екі тәулікте жағажайдан 173 бекіре тұқымдас балық табылған еді. Мамандардың мәлімдеуінше, өлекселер бір жерге шоғырланбай ұзындығы 15 шақырым болатын жағалау бойына шашылып қалған. Бекірелердің басым бөлігі күн астында ұзақ жатуына байланысты толығымен кеуіп кеткен. Браконьерлік тор іздері анықталмаған.

Гүлмира Өтетілеуова, облыстық балық инспекциясы басқармасының бас маманы:

-Комиссия құрамы құрылды. Каспий теңізінің суынан және балық өлекселерінің денелерінен жұмсақ жерінен сынама алынып, зерделеуге жіберілді. Қазіргі таңда басқарманың мемлекеттік инспекторлары мониторинг жұмыстарын жалғастыруда.