Петропавлдағы «Ойқала» шағын ауданында волонтёрлар аллеясы ашылды. Еріктілер жаңа демалыс орнына алма, қайың және долана көшеттерін екті. Су тасқыны кезінде бұл аумақты су шайып, үйлер қирап қалған еді. Кейін қоқыстан тазартып, абаттандырып, жасыл желек егу туралы шешім қабылданды. Міне, бүгін аллея ел игілігіне тапсырылды. Келушілерге арналып, ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Бүгінгі көгалдандыру шарасына 100-ден астам адам қатысты. Көбі – жастар. Айта кетейік, облыста 10 мыңнан астам ерікті бар.