Республика күні Республика күні

Петропавлда тәуелсіздік тарихы мен ұлттық құндылықтар талқыланды

  • 0
  • 21.10.2026, 19:00

Петропавлда «Қазақстан Республикасы: тарихи таңдау, ұлттық мүдде және болашақ бағдар» атты конференция өтті. Жиында тәуелсіздік тарихын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды сақтау және жас ұрпақтың тарихи сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Мамандардың айтуынша, заманауи технологияларды сабақта қолдану оқушылардың тарихқа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте облыста заманауи білім беру жүйесін дамытуға басымдық беріліп келеді. 

Айнагүл Сұрағанова, СҚО Білім басқармасының басшысы:

-Соңғы жылдары білім сапасы тұрақты. Халықаралық деңгейдегі зерттеулерге қарағанда біздің оқушылардың білім сапасы республика төңірегінде үштікке кіріп жатыр. Бұл тұрақты динамика. Мұнымен тоқтап қалмай, келесі жылдары да біз осы білім сапасын арттыруға жаңа бір идеяларды енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. 

Сәуле Кереева, еңбек ардагері:

-Өте тамаша мүмкіндіктер бар. Біздің балаларымыз жан-жақты білім алады деп ойлаймын. Кезінде Ұлы Абайдың айтқан сөзі бар ғой. «Балаң білімді, парасатты болсын десең, мал-мүлкіңді аяма», - дейді.  Сол кезде айтылған. Біздің мемлекетіміз де инвестициясын аямай, осы біздің балалар шетелде оқып жатыр. Грант алып жатыр. Кішкентай балалар өздерін сахнада көрсетіп жатыр. Осының барлығы біздің жеткен жетістігіміз. Бәрі Тәуелсіздіктің арқасында деп ойлаймын.