Республика күні Республика күні

Білім саласы стратегиялық бағытқа айналды – сарапшылар

  • 3
  • 23.10.2026, 18:40

Елімізде білім сапасын арттыру ісі жалғаса береді. Себебі Жаңа Конституцияда бұл сала мемлекеттік дамудың басты стратегиялық басымдығы ретінде айқындалған. Оның аясында әлемнің маңдайаалды жоғары оқу орындарының елімізде филиалдар ашуы, дарынды жастардың мүмкіндігін шыңдауға көмек.

Шілдеден бастап күшіне енген жаңа Ата заңда білім саласына басымдық берілді. Атап айтқанда, Конституцияның преамбуласында және нормаларында адам капиталын, білім мен ғылым және инновация ел болашағының тірегі ретінде қарастырылған. Мемлекет тегін орта білім алуға кепілдік берумен қатар, бұл істі халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге жағдай жасайды.

Жандар Асан, саяси сарапшы:

-Ата заңда білім-ғылым, инновацияны конституциялық деңгейге көтеруі бұл өз кезегінде алдағы жылдары білім саласына, ғылыми-зерттеу мекемелеріне біздің жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының арттыруына және де инновация саласындағы тың жобаларды қаржыландыруға, жас ғалымдардың әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді деп айтуға болады.

Қазір әр баланы тұрғылықты жері мен әлеуметтік жағдайына қарамастан қауіпсіз, заманауи және сапалы білім беру мақсатын көздейтін «келешек мектептерінің» саны көбейіп келеді. Бұдан бөлек, бүгінде елде шетелдік университеттердің 33 филиалы жұмыс істейді. Тек былтырдың өзінде,  Ұлыбритания, АҚШ, Италия, Оңтүстік Корея және Ресей жоғары оқу орындарының 9 филиалы ашылған.

Жандар Асан, саяси сарапшы:

- Соңғы жылдары ғылымға да, білімге де қамқорлық, оң көзқарас қалыптасып келе жатыр. «50 жас ғалым» жобасының қабылдануы, ғылым саласына бөлінетін қаражаттың бірнеше есе көбеюі, жаңа бір инновациялық жобаларға, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан ғалымдарға мүмкіндіктердің берілуі және Президент тарапынан жас ғалымдарға мемлекет тарапынан баспаналардың берілуі, бұл да үлкен бр осы ғылым саласындағы жаңалықтардың жаңа бір лебі, бастауы деп қабылдауға болады.

Адам капиталы, білім-ғылым, инновацияны дамыту – күн тәртібінен түспек емес. Себебі бұл мемлекеттік қызметтің стратегиялық бағытына жатады. Сондай-ақ жалпыға білім беру стандартына сәйкес, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін тиісті жағдайлар жасау және ауыл мектептері – басты назарда болады.

Айгүл Қайыпбаева, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының орта білім мазмұны институтының аға ғылыми қызметкері:

- Ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жою мәселесі бойынша ұзақ уақыт жұмыс жүргізіліп келе жатыр. Соның ішінде қазіргі күнге «Келешек мектептерінің» мүмкіндіктері, ауыл балаларын сонымен қатар, интернетпен қамтасыз етілуі де ауыл балаларына тең құқықты білім алуға оларға кез келген жағдайда қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл мысалы, Конституцияның 33-бабында білім сапасына ортақ талап қоюдың Конституциялық негізі. 

Сарапшылар Қазақстан саяси дамудың жаңа кезеңіне бет бұрғанын және оның ішінде білім басымдыққа ие екенін айтады. Сондықтан саланың дамуы көңіл бөлінеді.

Авторлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Самат Оспанов