Бүгінде елдің жеткен жетістігі мол. Қазақстан экономикасы қарқынды әлемдегі 50 елдің қатарына енді. Біздің ел ұлттық экономиканың әлеуетін күшейтуге басымдық беріп отыр. Еліміздің жалпы ішкі өнім көлемі 350 миллиард долларға жуықтады. Орталық Азия, Еуропа елдерімен тең байланыс орнатып, өнімін экспорттап қана қоймай, көлік-логистика саласымен алпауыт мемлекеттерді қызықтырып отыр. Шикізат өндіруден, қайта өңдеу, дайын тауар шығаруға бет бұрды. Жасанды интеллектіні өркендетуге ден қойып, тек ай-ти саласындағы экспортымыз бір миллиард доллардан асты.
Ләззат Нұрғалиқызы, экономист – сарапшы:
-2025 жылды аяқтағанымызда жалпы ішкі өнім алты жарым пайызға өсті. Яғни дүние жүзі мемлекеттерінің ішінде 48-ші орынға келіп тоқтады. Бұл дегеніміз 50 дамыған елдің ішінде біздің еліміз алға жылжығанын көрсетеді. Елімізге салынған инвестиция 100 млрд доллардан асты. Бұл тек қана елдің экономикасы емес, сонымен саясатты жақсы ұстанғаны. Елдің әл-ауқатының дамығаны. Және де экономикалық дамуға саяси жағдай тұрақты екендігін білдіреді.