Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Шағын және орта бизнеске қолдау артады

  • 7
  • 28.10.2026, 18:39

Бүгін Президент шағын бизнес құрылымын әр-тараптандыруға баса мән беру қажеттігін де атап өтті. Үкімет алдында бұл саланы дамыту жөнінде арнайы жоспар құру міндеті тұр. Ол құжатта кәсіпорындарды ұзақмерзімді каржыландыру және технологиялық тұрғыдан жаңғырту тетіктері болуы қажет. Ең бастысы, орта бизнестің ірі өндіріс орындарымен тығыз байланыс орнатуы. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге қосымша қолдау болып, өнім өткізу мүмкіндігі артатын болады.

Чинара Мәмбеталиева, оқу орталығының директоры:

-2021-2023 жылдары бізде үш жылдық мораторий болған. Президенттің ұсынысы осы жылдары болған ең жақсы практикаларды қарастырып, енді 2027 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, осыны іске енгізсек деген ойды айтты. Бұл бізге өте көп жеңілдіктерді әкеледі.

ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС ҚАБЫЛДАНАДЫ

Елде жаңа азаматтық кодекс қабылданады. Себебі өткен ғасырдың 90-шы жылдары күшіне енген құжат, нарықтық экономиканың негізгі институттарын құруға жол ашып, тарихи миссиясын толық атқарып шықты. Ал қазіргі заман талабы басқа. Сондықтан Құрылтай Үкіметпен бірлесіп жаңа кодекс қабылдауға кіріспек.

Марат Башимов, ҚР Құрылтайының депутаты:

-Бізге қазіргі Конституция қабылданғаннан кейін соның ішіндегі принциптерін іске асыратын жаңа азаматтық кодекс керек. Өйткені бізде теңдік, әділеттік деген принциптер азаматтық кодексте бірінші орында тұруы керек. Қарапайым азаматтарға, мынадай заңды тұлғаларға осы азаматтық кодекс өте пайдалы болады да, жақсы ғана нәрсе әкеледі.