Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматыда 170 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы екпе алды

  • 15
  • 28.10.2026, 18:14

Елде тұмауға қарсы маусымдық екпе салу науқаны жүріп жатыр. Алматыда 170 мыңнан аса тұрғын індеттен қорғану үшін вакцина салдырыпты. Биыл шаһар халқына деп жергілікті бюджет есебінен 250 мың доза вакцина сатып алынды. Мамандардың айтуынша, бұл иммунитеті әлсіз адамдар үшін жақсы көмек.

Тұмауды суық тиюмен шатастыратындар бар. Алайда тұмау - одан әлдеқайда қауіпті. Асқынып, өкпеге салмақ түсіреді. Уақытын емдемесе пневмонияға ұласуы мүмкін. Тұмау вирусы жыл сайын өзгеріп отырады. 

Владимир Юсупов, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын алдағы эпидемиологиялық маусымда таралуы мүмкін вирустың штамдарын болжайды. Биыл олардың қатарында А типті H1N1 және H3N2 штамдары бар. 

Алдағы уақытта В типті вирусы да қосылуы мүмкін. Тұмауға қарсы екпе ауруды емдемейді. Ол тек жеңіл өтуіне ықпал етеді. Яғни індеттің асқынуына жол бермейді. Вакцина А және В типті тұмау вирустарының бірнеше түріне қарсы иммунитет қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Шарипа Исламжан, қала тұрғыны:

- Вакцинаны жыл сайын қабылдаймын. Осындай күз айында. Содан енді қысты күні ауырғанда жеңіл түрде өтеді. Сондықтан да жыл сайын осы вакцинаны қабылдауға мұқтажбын.

Екпе алдымен тұмау тисе діңкелеп қалатын жандарға салынады. Олардың қатарында жүрек-қан тамыры, тыныс жолы және басқа да созылмалы сырқатқа шалдыққандар бар. Дәрігерлер: «Балалар мен қарт кісілерге де вакцина алған жөн»,-дейді.

Тойдық Утарова, №17 қалалық емхананың дәрігер акушер-гинекологы:

- Дәрігер ретінде өзіміз алғашқы келген кезде қызметкерлер толықтай вакцинаны алып шығамыз. Жыл сайын аламыз. Ешқандай жанама әсері немесе тағы да әсерлері жоқ деп айта аламын. Өзім ана ретінде де, дәрігер акушер-гинеколог ретінде де пациенттерге ұсына аламыз.

Ернұр Рысбай, тілші:

-Тұмауға қарсы екпені тұрғылықты жеріңіздегі қалалық емханалардан тегін алуға болады. Алдымен вакцина туралы толық ақпарат беріледі. Шешімді азаматтың өзі қабылдайды. Мамандар ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге кеңес береді.

Авторлары: Ернұр Рысбай, Валентин Лобанов