Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Алматыда жаңа хирургиялық орталық ашылды

  • 11
  • 28.10.2026, 18:14

Қазақстан мен Қытай медициналық ынтымақтастықты нығайтуда. Алматыдағы Ұлттық фтизио-пульмонология ғылыми орталығында кеуде қуысына жасалатын аз инвазивті хирургияны көрсету орталығы ашылды. Ол тәжірибе алмасуға және заманауи медициналық технологиялармен танысуға мүмкіндік береді. Енді отандық дәрігерлер кеуде қуысына операцияны шағын тілік арқылы жасайды. Бұл хирургиядағы болашағы зор бағыттардың бірі. Дәстүрлі ашық операциялармен салыстырғанда жеңіл. Бұл әдіс науқастың тез оңалып кетуіне мүмкіндік береді.

Тілеухан Әбілдаев, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының орынбасары:

- Осы орталық арқылы болашақта біздің республикамызда бірінші кезекте, әлбетте туберкулез ауруларының осындай емделуі. Хирургиялық емдерді одан да сапалы деңгейге көтеру мақсатында жасалып жатқан іс-шара. Болашақта осы орталық тұрақты жұмыс жасағанда республикамызға, біздің елімізге берері көп. Нәтижесі оңды болмақ. Үлкен үміттеміз.