Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қоғам өкілдері Жолдауды талқылады

  • 3
  • 30.10.2026, 18:19

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми-сарапшылық қауымдастықпен және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесулердің негізгі тақырыбы Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру және оларды өңірде іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын талқылау болды. Мемлекет басшысының Жолдауы – Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі даму бағытын айқындайтын стратегиялық маңызы бар құжат. Онда елдің экономикалық әлеуетін нығайту, терең технологиялық жаңғыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ауқымды міндеттер белгіленген. Оларды іске асыру Қазақстанның болашағы үшін айрықша маңызға ие және мемлекет пен қоғам күш-жігерінің бірігуін, сондай-ақ өңірлердің белсенді қатысуын талап етеді.