Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Павлодар облысында «Қыс-2026» оқу-жаттығуы өтті

  • 2
  • 10.11.2026, 18:06

Павлодар облысында қатты боран соғып, тасжолда 24 көлік тұрып қалған. Ал екі адам жолдан адасып кеткен.

Ертіс өңірінде «Қыс-2026» оқу-жаттығуы осы сценарий бойынша өткізілді. Мамандар тұрғындарды эвакуациялау, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу, қар басқан жолдарды тазарту және жылыту пункттерін ашу тапсырмаларын орындады. Биыл оқу-жаттығуға алғаш рет теміржол тасымалының өкілдері де қатысты. Қазір өңірде 189 жылыту пункті дайын. Олар 16 мыңға жуық адамды қабылдай алады. Бұдан бөлек, эвакуацияланған тұрғындарға арналған тағы 3 мыңға жуық орын бар. Төтенше жағдай кезінде көмекке 2 мыңнан астам маман мен мыңнан аса техника жұмылдырылады.

Думан Қыдырмоллаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Биыл мына оқу-жаттығу барысында жаңа теміржолмен тасымалдау әрекетін жоспарлап отыр. Өйткені былтыр Шідертіде және осы Атамекенде, жолдағы бекеттерде көп халық жиналып, одан кейін оларды теміржолмен атқаруға әрекет қылған болатынбыз. Көптеген жаңартылған техникалар адамдарды эвакуациялауға және мына жерде суда да, мұзда да жүретін болотоход техникасы бар.

Галина Куценко, облыстық ТЖД кинологиялық бөлімінің басшысы:

– Біз қарлы боранға қарамастан, адамдарды іздеу жұмыстарын тоқтатпаймыз. Мұндай кезде біздің басты көмекшіміз – іздестіру иттері. Оның әрекетіне қарап, осы маңда адам болуы мүмкін екенін анықтаймыз. Содан кейін сол аумақты мұқият тексеріп, жоғалған адамды аман-есен табу үшін іздестіру жұмыстарын жалғастырамыз.