Ақмола облысында су тасқынының алдын алу жобаларына 5,5 млрд теңге бөлінді.
Қаражат Қалқұтан өзенінің арнасын тазартуға, Основное бөгеніндегі шлюз-қақпаларды жөндеуге және Иванковская бөгенін реконструкциялауға жұмсалады. Үш жобаны келер жылдың су тасқыны кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Гидротехника нысандарын жаңартып, өзен арналарын тазарту – тасқын қаупін азайтуға үлкен сеп. Мамандар 9 мыңға жуық тұрғын мен жол қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік болатынын айтады.