Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Жасөспірімдерді бопсалауға қарсы күрес күшейтілді

  • 1
  • 12.11.2026, 18:03

Ішкі істер министрлігі жасөспірімдер арасындағы бопсалауға қарсы күрес шараларын күшейтті.

Жыл басынан бері Қазақстанда осындай әрекетке барған 40-тан астам топтың жолы кесіліп, 100-ден астам адам ұсталған. Тәртіп сақшылары мектеп оқушылары мен студенттерді қорқытып, қысым көрсеткен төрт қылмыстық топтың қызметін тоқтатқан. Бұдан бөлек, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 қылмыстық іс қозғалды. Ал 240 топ жетекшісі мен белсенді мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары да күшейтілген.

Жыл басынан бері тәртіп сақшылары еліміздің мектептері мен колледждерінде 2 мыңнан астам профилактикалық кездесу өткізген. Мамандардың басты мақсаты – жастарды қылмыстық ортаның ықпалынан қорғау, заңсыз әрекеттердің алдын алу және қылмысты насихаттауға жол бермеу.