Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Маңғыстау облысында сайлауға әзірлік пысықталды

  • 2
  • 12.11.2026, 18:05

Маңғыстау облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында 455 мыңнан аса адам дауыс беру құқығына ие.

Ақтауда Орталық сайлау комиссиясының өкілдері қатысқан жиында алдағы саяси шараға дайындық барысы пысықталды. 29 қарашада өңірде 267 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Үшеуі әскери бөлімде, тағы алтауы вахталық қалашықта орналасады. Барлық учаскенің мекенжайы арнайы сайтта көрсетілген. Тұрғындар қай сайлау учаскесіне тіркелгенін сall-орталыққа хабарласып, Тelegram-бот арқылы тексере алады. Сонымен қатар облыс тұрғындары тіркелген жерден тыс 6 учаскеде дауыс бере алады деп жоспарланған.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

– Оқыту семинарларының, мынау саяси партиялардың өкілдері үшін және кандидаттардың сенімді өкілдері үшін тиісті семинарлар өткізіліп жатыр. Оны да біз көріп отырмыз. Жергілікті атқарушы органдар өздерінің тарапынан заңда көрсетілген талаптарды орындап жатқанын осыны біз айқындап, қарастырып жатырмыз.