Тұрғын үй мәселелері, борыштық жүктемені реттеу, еңбек адамының мәртебесін арттыру мәселелері.
Азаматтар Халық Кеңесінің қабылдауына осындай сұрақтармен барды. Сонымен қатар жастарға кәсіби бағдар беру, алимент төлеу жүйесін жетілдіру мәселелері көтерілді. Бұған қоса, қоғамдық маңызы бар ауқымды бастамалар да талқыланды. Оның бірі – мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін отбасыларды кешенді қолдайтын пилоттық бағдарламаны іске асыру.
Барлық ұсыныстар мен өтініштер құзырлы органдармен бірлесіп шешілмек.