«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асырудағы жаңа сын-қатерлер мен оларды шешу жолдары. Астанада осы тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Жиынға Бас Прокурор Берік Асылов, мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік сарапшылар мен жетекші заңгер-ғалымдар қатысты. Басқосуда құқықтық жүйені жетілдіру, азаматтардың құқығын қорғау және цифрлық технологияларды құқық қорғау саласына енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытында бірқатар келісімге қол қойылды.