Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Теңге айналымға енгізілген күн: ұлттық валюта тарихы

  • 5
  • 13.11.2026, 18:15

15 қараша – Қазақстанның қаржы тарихындағы маңызды күн. Бұл күні еліміздің ұлттық валютасы теңге айналымға енгізілді.

1993 жылдан төлем құралы. Алғашқы банкноттар 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік номиналмен шықты. 1995 жылы Алматыда Банкнот фабрикасы ашылды. Содан бері ұлттық валютамызды өзіміз басып шығарамыз. Ал 96-да теңге сарайы айналымға алғашқы инвестициялық монеталар әзірледі. 2006-дан бері дизайны мен қорғаныш элементтері күшейтіліп, үш рет жаңа үлгідегі банкноттар айналымға енгізілді.

Әлемнің ең әдемі купюралары саналатын теңгеміз – Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің басты нышандарының бірі.